Жапонияда екі адамды өлтіріп, тағы біреуін жаралаған жауынгер тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда екі адамды өлтіріп, тағы біреуін жаралаған жауынгер тұтқындалды

14.06.2023

Жапонияда екі адамды атып өлтіріп, біреуін жаралаған жауынгер тұтқындалды. Оның ауыр қылмысқа неліктен барғаны тексеріліп жатыр. Оқиға елдің орталығындағы Гифу қаласында болды.

Шабуыл үш нұсқаушыға жасалған. Тірі қалғаны ауруханаға жеткізілді. Жапонияда мұндай оқиға өте сирек болады. Өйткені қару иеленгісі келген азамат қатаң тексеруден өтуге міндетті. Соған қарамастан былтыр 4 адам оққа ұшып мерт болған. Солардың бірі – бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэ.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу