Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Алматы облыстық полициясының экс-басшысы Серік Күдебаевтың шекарадан заңсыз қалай өткені белгілі болды. Бұл жөнінде Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті. Ведомство өкілінің айтуынша, Күдебаев Қырғыз еліне Алматы облысындағы Кеген ауданы арқылы өткен. Яғни полицияның экс-басшысы шекарадағы темір торды көтеріп, астымен өтіп, қарапайым жолмен елден қашқан. Осы жайтқа байланысты Серік Күдебаевтың үстінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қосымша қылмыстық іс қозғалды.
Самал Қабышева