Дональд Трамп өзіне қатысты тергеудің саяси астары бар деп мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп өзіне қатысты тергеудің саяси астары бар деп мәлімдеді

14.06.2023

Дональд Трамп өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол сейсенбіде Майамидегі сот отырысына барған. АҚШ-тың 45-ші президенті үйінде құпия құжаттарды заңсыз сақтады және оларды алмақ болған қауіпсіздік қызметкерлерін алдады деп айыпталып отыр. Кінәсы дәлелденсе, Трамп ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Дегенмен бұл оған президенттік сайлауға қатысуға кедергі келтірмейді. Экс-президент болса, өзіне қатысты тергеудің саяси астары бар деп мәлімдеп, 2024 жылы Ақ үйге оралу науқанын жалғастыруға уәде етті.



Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу