Әлемде мұнай бағасы арзандап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы арзандап жатыр

13.06.2023

Әлемде мұнай бағасы арзандап жатыр. Қазір брент маркалы қара алтынның бағасы 72 доллардан сатылады. Баға соңғы бір айда 8 долларға дейін төмендеген. Трейдерлер мұны әлем экономикасының нашарлауымен байланыстырып отыр. Соның кесірінен сұраныс азайған. Бұлай жалғаса берсе, баға әрі қарай да арзандай бермек. Сондықтан ОПЕК+ елдері жақында ғана бас қосып, мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне шамамен 1,4 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Валюта бағамына тоқталайық. Бүгін қор нарығында доллар қымбаттады. Қазір АҚШ валютасы - 448 теңге, еуро – 481 ал рубль - 5 теңге 42 тиын.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу