Еліміздегі инфляция 3 ай қатарынан баяулап келеді. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың дерегінше, былтыр 20 пайызға бірақ шарықтаған инфляция қазір 15,9 пайызға дейін төмендеген. Мәселен, азық-түлік инфляциясы ақпан айында ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 26,2 пайызды көрсетсе, мамырда 16,5 пайызға дейін бәсеңдеген. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 17,2 ақылы қызметтер инфляциясы 13,5 пайызға дейін баяулаған. Ал бензин мен дизель отынының бағасы керісінше өсті дейді Ұлттық банк. Соған қарамастан бағаның төмендеуі әрі қарай жалғасады деп болжап отыр.
Айя Мүтәлі