Дональд Трампқа 37 қылмыстық іс бойынша айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трампқа 37 қылмыстық іс бойынша айып тағылды

13.06.2023

Бүгін экс-президент Флорида қаласы келді. Ертең сот отырына қатысып, өзіне қатысты айыптауларды тыңдайды. Алғашқы тыңдау екі-үш сағатқа созылуы мүмкін. Прокурорлар Трампты тұтқындау жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Десе де айыптау актісіне қарағанда, құқық қорғаушылар Трамп пен оның көмекшісіне ауыр айыптар тағып отыр. Оның ішінде жалған куәлік берген, қылмыстық ымыра жасап, құпия материалдарды тиісті деңгейде сақтамаған және жасырған. Федералды тергеу бюросы былтыр тамызда Трамптың үйін тінтіп, «өте құпия» мөрі бар ондаған құжатты тәркілеген еді. Оның бір бөлігі тіпті үй қоймасынан табылған. Қылмыстық істердің әрбір тармағы бойынша бұрынғы президент қомақты айыппұл арқалап, бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Джек Смит, арнайы кеңесші: 

Ұлттық қорғаныс мәліметтерін қорғайтын заңдарымыз АҚШ-тың қауіпсіздігі үшін өте маңызды және олар бұлжытпай орындалуы тиіс. Заңның бұзылуы біздің елімізді қауіп-қатерге ұшыратады. Заң үстемдігін сақтау Әділет департаментінің негізгі ұстанымы. Сондықтан бұл елде заң талаптары барлығына ортақ.

Айыптау актісінің ең елеулі бөлігі — АҚШ-тың ядролық қару бағдарламалары және АҚШ пен оның одақтастарының ықтимал осал тұстары туралы деректер, сондай-ақ шабуыл жасалған жағдайда АҚШ-тың қарымта соққысы қаралған құпия құжаттардың да Траптың үйінен шығуы. Бұл бөтеннің қолына түссе халықаралық қатынастарға, АҚШ-тың әскери нысандары мен тыңшыларының қауіпсіздігіне, сондай-ақ құпия барлау тәсілдерін одан әрі пайдалануға қауіп төндіруі мүмкін», - делінген хабарламада. Ал Трамп болса кейбір аса құпия құжаттарды құқы жоқ адамдарға көрсеткен. Осылайша прокурорлар экс-президент ұлтқа үлкен қатер төндіріп, тыңшылық туралы заң талабын бұзды деп отыр. Бірақ Доналд Трапм өзіне тағылған айыптарды мойындамады. «Демократтар осылайша өзін президент сайлауына түсуіне кедергі жасамақ» деп сынады.

 Уильям Барр, АҚШ-тың бұрынғы Бас прокуроры:

Мен бұл құжаттардың қаншалықты құпия болғанын көріп шошыдым. Егер айыптау актісінің жартысы шындыққа жанасатын болса, онда экс-президент үлкен проблемаға тап болды деген сөз. Яғни, бұл өте салмақты айыптау. Бұл жерде Трамп өзін саяси ойынның құрбаны ретінде көрсетуі ақымақтық.

Осылайша АҚШ тарихында алғаш рет экс-президенттің үстінен федералдық деңгейде қылмыстық іс қозғалды. Бірақ сот процесінің қанша айға созылып, қашан үкім шығатыны белгісіз. Сондықтан әзірге Доналд Трампқа келесі жылы өтетін президент сайлауына түсуіне кедергі жоқ.


Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу