Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды

13.06.2023

Шетелдік құзыретте болған Jusan тобының активтері елге қайтарылды. 2021 жылы Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы мен өзге де салалардағы ірі активтер шекара асып кеткен. Сол кезде ел Үкіметі іс жүзінде топқа бақылау жасау құқығынан айырылды. Әділет министрлігінің мемлекеттік органдармен бірлесе қабылдаған шараларының нәтижесінде Jusan тобы отандық құзыретке оралды. Енді Jusan Bank Қазақстан заңнамасына сай жұмыс істеп қана қоймай, білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыруға міндеттелді. «Банк бұған дейін алған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады. Сыртқа шығарылған активтерді қайтару жұмысы жалғасады», - деп хабарлайды Әділет министрлігі.


Данияр Зейнолла

Хабарламаларға жазылу