Қазақ халқы қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ халқы қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып жатыр

12.06.2023

Абай облысындағы алапат өрттен азаматтарымыздың ажал құшуы тұтас ел үшін қасіретке айналды. Осындай сын сағатта ұлт тағдыры үшін ұйысып, бәріміз ауызбіршілік танытуымыз керек. Халықтың жұдырықтай бірігуі – маңызды,- дейді ел ағалары.

Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі:

Абай ауданында болған үлкен трагедия азаматтар біразы кетіп қалған. Солардың жанұясына мен қайғырып көңіл айтамын. Бүгін мемлекетіміз азалы күн деп хабарлады. Соның бәрі сол халыққа қамқорлық, жанашырлық.

Дулат Исабеков, жазушы, драматург:

Қазақстанда алақандай ғана орманымыз бар еді, сол өртеніп тынды. Қарапайым тіршіліктің кезінде де аза тұтып жатырмыз. Сабыр сақтайық. Құдай айтады ғой сақ болсаң, сақтаймын деп. Сақ болайық!


Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу