Қытайда орманды дрондар қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда орманды дрондар қадағалайды

12.06.2023

Қытайдың солтүстігіндегі Хебей провинциясындағы орман өртіне жол бермеу жұмыстарына дрондар тартылып жатыр. Пилотсыз 8 аппараттан тұратын эскадрилья жасыл желектерді тәулік бойы әуеден қадағалайды. Олар әсіресе, найзағайға көбірек назар аударады. Мәселен, орманнан 10 шақырым жерге жай түсетін болса, дрондар тиісті органдар мен мамандардың ұялы телефондарына қас-қағым сәтте қауіп туралы хабарлама жібереді. Сонымен қатар, инфрақызыл радарлар технологиясы мен дрондар тұтана бастаған отты анықтап, видеоға түсіріп, оны өрт сөндірушілерге дер кезінде жөнелтіп отырады.  


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу