Абай облысындағы жағдай: Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілер бір күндік жалақыларын аударатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы жағдай: Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілер бір күндік жалақыларын аударатын болды

12.06.2023

Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілер де Абай облысында өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударатын болды.

Сондай-ақ жауапты мекемелерге төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Өрт-құтқару бөлімшелерінің барлық күштері мен құралдарына қайта түгендеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл мәселе Мәртөк, Хромтау және Қарғалы аудандары бөлімшелерінің қатысуымен өткен өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиынында да пысықталды.Төтенше жағдайлар департаментінің деректері бойынша, облыста 97 қосалқы, 16 арнайы және 81 өрт сөндіру техникасы мен 5 өрт сөндіру пойызы сақадай сай тұр. 8 орман шаруашылығында өртке қарсы 320 құрылым бар.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу