Түркияның Анкара қаласында орналасқан Қазақстан елшілігі ғимараты мен Стамбұл қаласындағы бас консулдығының алдындағы мемлекеттік Ту түсірілді. Бұдан бөлек, Ыстамбұл қаласында орналасқан Түркі мемлекеттері ұйымы штаб пәтерінде де барлық ұйымға мүше мемлекеттердің байрақтары төмен түсірілді. Осылайша, бауырлас елдердің басын қосқан халықаралық ұйым Қазақстан халқының қайғысына ортақ екендіктерін білдірді.
Айдос Әшімұлы