Түркия президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты

12.06.2023

Мемлекет басшысы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті. Режеп Тайип Ердоған Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Хабарламаларға жазылу