Мәжіліс депутаттары Семей халқына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Семей халқына көңіл айтты

12.06.2023

«Абай облысындағы орман өртіне тиісті мамандар дайын болмады. Тіпті желдің бағытын да білмеген. Салдарынан 14 адам қаза болды. Сондықтан экологиядан бастап төтенше жағдайлар саласының қызметіне толықтай реформа қажет» деді марқұмдардың жақындарына көңіл айтқан Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев.

 Аманжол Әлтаев, ҚР Парламентінің Мәжілісінің депутаты:

Өрт оасталған бір жарым сағаттың ішінде сол өрт болған жерге жалғыз трактор барған. Шынжыр табанды, не деген сұмдық?! Мен осы қайғылы жағдай орын алған отбасыларына, бала-шағасына, әкесінен айырылған балаларға қабырғам қайысып көңіл айтамын. 

Ермек Келемсейіт, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: 

Әрбір жауапты адам осыны сезіну керек. Бұл деген масқара ғой. Айдың күні аманда, соғыс жоқ, бейбіт өмірде осыншама адамнан айрылу жаныма батып отыр. Семей халқына жаным ашиды. 14 адамнан айрылып отырған халыққа өзімнің көңілімді білдіргім келеді. Ақсақалдардың атынан, Жетісу халқының атынан көңіл айтамын. 


Самал 

Хабарламаларға жазылу