Алматы қалалық Төтенше жағдайлар қызметкерлері Іле Алатау ұлттық паркінде от жаққан төрт адамды әкімшілік жауапқа тартып, айыппұл салды. Жалпы сомасы 1 380 000 теңгені құрайды. Оларға ерекше қорғалатын табиғи аумаққа зиян тигізу бойынша 367-баппен хаттама толтырылған. «Жалпы, тауларда 45 бірлескен рейд жүргізілді»,- деп хабарлады ведомство.