Экология және табиғи ресурстар министрлігі Семейдегі орман өртін сөндіру кезінде қаза болғандардың тізімін жариялады. «Семей орманы» резерватында Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзіліп, хабар-ошарсыз қалған болатын.
Олар:
Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы – Успен орманшылығының басшысы;
Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы – Новошульба филиалының орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері;
Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы - Новошульба филиалының жүргізушісі;
Губаев Алексей Григорьевич - Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы;
Фоминых Максим Владимирович - Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы;
Нұржігітов Саят Нұржанұлы - Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы;
Начинёнов Константин Сергеевич - Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы;
Сидорин Виктор Александрович - Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы;
Сидорин Александр Викторович - Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы;
Пузырев Николай Иванович - Новошульба филиалы орталық орманшылығының жүргізушісі;
Пузырев Сергей Николаевич - Новошульба филиалы орталық орманшылығының өрт сөндірушісі;
Гражданкин Петр Александрович - Успен орманшылығының өрт сөндірушісі;
Дарибаев Александр Викторович - Жернов орманшылығының тракторшы-машинисі;
Ганьшин Даниил Евгеньевич - Новошульба филиалы орталық орманшылығының жүргізушісі.
Қаза тапқандардың жақындары мен отбасына қайғырып көңіл айтамыз.
Серік Селеубай