Астанадағы ауыз су проблемасы маусымның соңында толық шешіледі. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасына осындай жазба қалдырды. Кешелі бері біраз үйде судың қысымы қалыпқа келгенін жазды. Жағдайдың реттелуіне сорғы-сүзі станциясындағы су құбырың жаңа тармағының іске қосылуы болып отыр. Ал үшінші сүзгі станциясы құрылысының екінші кезеңі тамызда аяқталады, дейді. Бұл алдағы 3-4 жылға қажетті қосымша су беру қуатын қамтамасыз етпек.
Асылбек Данияр