Ресейдің Сочи қаласында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Куба Премьер-Министрі Мануэль Круспен кездесті. Әлихан Смайылов екіжақты ынтымақтасты нығайтуға ниетті екендігін, сауда-экономика бағытындағы бірлескен жобаларды айқындап алу қажеттігін айтты. Әсіресе екі елдің фармацевтика мен биотехнология саласының әлеуеті зор. Сондай-ақ Үкімет басшысы кубалық әріптесіне екі ел азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапаралы туралы келісімді талқылауды ұсынды. Ал Мануэль Крус металлургия және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
Дәуренбек Әбдібек