«Air Astana» әуекомпаниясына 6,7 млрд теңге айыппұл салынды. Билет бағасына жанармай алымын заңсыз қосқаны үшін осындай шара қолданылады. Бас көлік прокуратурасы Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлескен тексеруді аяқтады. Алматыдағы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Нұрхан Оразов, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің бас кеңесшісі:
Жанармай алымының мөлшері әр билеттен орта есеппен 5 мың теңгені құраған. Соынмен қатар тексеру аясында авиакомпанияның ай сайын авиа жанармай көлеміне келісім шарт жайсайтыны, яғни өзекті бағалар мен көлемдер туралы алдын ала білетіні анықталды.
Дарын Сағитов