Ақтауда төтенше жағдай режимі 1 айға жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда төтенше жағдай режимі 1 айға жалғасады

09.06.2023

Ақтаудағы төтенше жағдай режимі 1 айға созылады.

Бұл аймақта су мен электр жарығы тоқтап, нағыз төтенше жағдай болмау үшін әдейі жарияланған. Каспий теңізі таязданып жағадан 450-500 метрге дейін тартылған. Салдарынан екі бірдей су асты жағалауы пайда болған. Су жиналатын арналар да таязданып барады. Мамандардың айуынша, әзірге каналдарға су жеткілікті көлемде жиналып жатыр.  Мәселені зерттеп, шешу жолын ұсынатын компания шұғыл іздестіріліп жатыр.

 Имаммахмут Шағырбаев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары: 

Ең бірінші қабылданайын деп тұрған шара ол жана қалыптасқан екі нысан бар. Орысша оны «отмели» дейміз. Соған тиісті сараптама жүргізіп, содан кейін оны жоямыз ба, жоқ әлде басқа құрылыстар жүргіземіз ба, әлде тереңдету жұмыстарын жүргізу сияқты  шешімдер қабылдаймыз. 


Аягөз Оралбай

Хабарламаларға жазылу