Павлодар облысы әкімінің резиденциясы мемлекетке қайтарылады. Нысан Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасында орналасқан. Бұл ғимарат аймақтың экс-әкімі Болат Бақауовтың кезінде алдымен сенімгерлік басқаруға беріліп, кейін 161 млн. теңгеге сатылып кеткен еді. Жаңа қожайын бірден жөндеу жүргізіп, элиталық демалыс үйіне айналдырады. Алайда Табиғатты қорғау прокуратурасы 1600 шаршы метрлік ғимараттың нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан сатылғанын анықтаған.
Болат Аманбаев