Бүгін Астанада спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер және жастар, жасөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Азия және Океания чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Біріншілікке 30 елден келген 600 атлет қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы белдесулері кеше басталды. Қазірге дейін 36 медаль жиынтығы ойнатылған. Командалық есепте Қазақстан бірінші орында тұр. Біріншілік 11 маусымға дейін жалғасады. Чемпионат Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Ал зағиптар мен нашар көретіндер арасында Азия және Океания біріншілігі бұған дейін болмаған.
Асылбек Данияр