Сочиде «Еуразия – біздің үйіміз» атты халықаралық көрме ашылды. Ол Еуразия кеңістігіндегі кооперация мен экономикалық байланыстарды дамытудағы жетістіктерге арналған. Халықаралық көрмеде Қазақстан өзінің түрлі саладағы жетістіктерін паш етті. Ауыл шаруашылығы, мамандандырылған техника, фармацевтика салаларындағы жобалар көптің көңілінен шықты. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов және ЕурАзия экономикалық одағы елдерінің премьер-министрлері «Сириус» ғылым және өнер паркінің аумағында өткізілген көрменің экспозициясымен танысты. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы мен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Индира Бегайдар