Түріктің лирасы тағы да арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түріктің лирасы тағы да арзандады

08.06.2023

Түріктің төл ақшасы 7 пайызға арзандады. Бұл - елде 2021 жылы болған дағдарыстан бергі рекордтық минимум. Лираның құнсыздануы мемлекеттік банктер шетел валютасын сатуды тоқтатқаннан кейін болып отыр. Жаңа үкімет жергілікті валюта нарығында қымбат интервенциялардан бас тартты. Неғұрлым ұтымды экономикалық саясат жүргізу қолға алынбақ. Лира осымен 12 күн қатарынан арзандап жатыр. Соңғы бір жылда ол өз құнының үштен бірін жоғалтқан.    

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу