Астанада ЮНЕСКО аясындағы «The Planet of ART 2023» Халықаралық жастар фестивалінің гала-концерті өтті. Ауқымды шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстаннан 5 мыңнан аса өнерпаз қатысты. Ең үздік деген 50-ге жуық жас талант іріктеліп, елордаға келген. Олардың жас айырмашылығы 12 мен 18-дің арасы. Биылғы фестивальдің ерекшелігі – заманауи өнерді жастар тілінде ұсыну. Сонымен қатар концерт барысында қазақстандық композиторлар мен хореографтардың шығармашылығы барынша қамтылған.
Болат Ақшолақов, ҚР Президентінің кеңесшісі:
Фестивальді бұрын Алматы не Астана қаласында өткізетінбіз. Бірақ соңғы екі жылда өңірлерге жеткізіп жүрміз. Былтыр Ақтөбе облысында, биыл Павлодар облысында болса, гала-концертті бүгін елордада өткізіп жатырмыз.
Азамат Бейбітұлы