Осы көктемнен бері Астанада су мәселесі ушығып, тұрғындар тіршілік нәрінің тапшылығын сезініп отыр. Жаздың аптап ыстығында қаланың бірнеше ауданындағы тұрғын үйлер мүлдем сусыз қалған. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев осы жағдай бойынша қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады. Президент Астанадағы су мәселесін қысқа мерзім ішінде шешуді тапсырды. Тіршілік нәрінен бөлек, қаланың маңызды басқа да, жүйелерінде қиындық туындамауы үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау жүктелді. Бұл мәселе Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.
Шерхан Жамбылұлы