«Qazaqstan дауысы» мегажобасының қатысушылары арасында кастинг өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan дауысы» мегажобасының қатысушылары арасында кастинг өтеді

07.06.2023

Ұлттық арна «Qazaqstan дауысы» мегажобасының жаңа маусымына қатысушылар арасында офлайн кастинг өткізеді. Оған 16 жастан асқан кәсіби және әуесқой орындаушылар қатыса алады. Іріктеу 16-17 маусымда Алматы қаласында, 25-26 маусым күндері Астанада ұйымдастырылады. Үміткерлерге қойылатын талап: заманауи хит және кезінде өте танымал болып, әлі күнге дейін жүректе сақталған түрлі бағыттағы әндерді орындау. Әннің ұзақтығы 1 жарым минуаттан аспауы керек. Сондай-ақ жеке авторлық әндерді орындауға болмайды. Орындайтын туындының бэк-вокалсыз аранжировкасын алып келу шарт. Кастингке қатысушылар, әнді түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен немесе концертмейстердің көмегімен орындай алады. Толық ақпаратпен qazaqstan.tv сайтынан танысуға болады. Ал онлайн кастинг 30-шы маусымға дейін жалғасады. Өтінімдер qazaqstan.tv/voice сайты арқылы қабылданады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу