Астанада халық саны тұрақты өссе де, соңғы 5 жылда қылмыс саны 1,5 есеге азайған. Бірақ синтетикалық есірткіге байланысты қылмыстар көбейіп келеді. Жыл басынан бері 79 есірткі қылмысы анықталған. Қалалық Полиция департаментінің бастығы тұрғындарға есеп беру барысында соңғы 5 жылда алаяқтық саны 4 есеге артқаннын айтты. Биылғы жылы 1 мың 715 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұдан бөлек, жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөлікті басқарған 106 жүргізуші анықталып, ұсталған.
Азамат Бейбітұлы