Президент Астанадағы су мәселесін қысқа мерзім ішінде шешуді тапсырды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев осы жағдай бойынша қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады. Тіршілік нәрінен бөлек қаланың маңызды басқа да жүйелерінде қиындық туындамауы үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау жүктелді. Бұл мәселе Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.
Шерхан Жамбылұлы