«Астана» халықаралық форумына қатысушылардың қатарында креативті индустрияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар да бар.
Британиялық маман Дэвид Перриш жер-жаһанға танымал бизнес-кеңесші. Ол әлемнің 60-тан астам елінде жұмыс істеген. Халықаралық форумда Перриш табысқа жету үшін бизнес пен шығармашылықты ұштастырудың ұтымды жолдары туралы келелі ойларын ортаға салмақ.
Дэвид Перриш, бизнес-кеңесші:
Форум көшбасшылар мен сарапшылардың басын қосады және кейбір көкейкесті әлемдік проблемаларды шешудің практикалық жолдарын ұсынады. Жиында мен жаһандық креативті экономикада шығармашылықтың маңыздылығы және жаңадан пайда болып жатқан трендтер мен сын-тегеуріндер туралы сөз қозғаймын.
Марина Бекенова