Мемлекет басшысы Хельга Шмидпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Хельга Шмидпен кездесті

07.06.2023

Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін Хельга Шмидке алғыс айтып, аталған форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жаңа алаң екеніне назар аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының белсенді мүшесі. Президент еліміздің аталған ұйыммен арадағы өзара тиімді серіктестік қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға және осы ұйымның Бас хатшысы Хельга Шмидке жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. 


Хабарламаларға жазылу