Франция кәсіподақтары зейнетақы реформасына қарсы осымен 14-ші рет ауқымды шеруді бастады. Оған бүкіл ел аумағында мыңдаған адам қатысып жатыр. Демонстранттардың саны кешке дейін шамамен 600 мыңға жетуі мүмкін.
Олар азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке дейін көтеру туралы заңды доғаруды талап етіп отыр. Алайда, билік бұл реформа елдің зейнетақы қорын күйреуден сақтау үшін қажет деп, одан бас тартпай отыр.
Арыстан Рысбек