Елімізде 5 күнде 17 адам суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 5 күнде 17 адам суға батып кетті

06.06.2023

Елімізде 5 күнде 17 адам суға батып кетті. Бүгінгі үкімет отырысында Әлихан Смайылов осылай деді. 3 адамның денесі әлі табылмаған. Қайғылы оқиғалардың дені шомылуға рұқсат етілмеген жағажайларда болған. Республика бойынша 500-ге жуық шомылу орны жасақталған. Алайда бұл жеткіліксіз болып отыр. Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарында орындар нақты бекітілмеген де. Яғни ол өңірлерде суға шомылушылардың қауіпсіздігі мүлде қамтамасыз етілмеген. «Мәселені жылдам реттеу керек», - деді Премьер-Министр. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу