Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесуде сот жүйесінде атқарылып жатқан реформалар талқыланды. Сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, білікті заңгерлерді көбейту, азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту мәселесі де айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жүйедегі реформаларды сапалы жүзеге асыру мен қоғамның соттарға сенімін арттыру маңызды деді. Азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыруға ерекше назар аударды.
Оңғар Алпысбай