Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді. Ту түстес қолөнер туындысын 250 шебер жасап шыққан. Бұл ерекше көрпе Гиннес рекордтар кітабына енді. «Аламан құрақ» жобасы мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Онда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі де өтті. Мақсат – қазақ қолөнерінің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу.
Нұргүл Абайханқызы, қолөнер шебері:
Біздің осы жобаны ұйымдастырудағы мақсатымыз – қазақтың құрағын әлемге паш ету, әлемге «қазақтың құрағы керек» деген ұғымды енгізу және халқымыздың ауызбіршілігін көрсету. Өйткені 200-ден астам қатысушы көрпені бір түсте, бір техникада тігіп келді.
Серік Селеубай