Ақмола облысында балалар экологиялық фестивальге қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында балалар экологиялық фестивальге қатысты

02.06.2023

Қорғалжын ауданының оқушылары тарғақ құсымен жақыннан танысып, оның суретін салып жарысты. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы бұл шараны халықаралық балаларды қорғау күніне қарай ұйымдастырған. Онда табиғатты қорғаудың маңызы туралы құнды ақпараттар айтылып, түрлі жарыстар өтті. Ерекше фестиваль туралы тілші материалынан көріңіздер.

Әлемде небары 11 мыңдай ғана тарғақ қалған. Оның 95 пайызы Қазақстанда ұя салады. Сондықтан 2005 жылдан бері "Тарғақ" жобасы жүргізіліп келеді. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше фестиваль ұйымдастырған. Онда балғындар сирек

кездесетін құстың суретін салып, ол туралы пайдалы ақпараттарға қанықты.

Руслан Оразалиев, Қазақстан Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкері:

Біз малшылармен, тұрғындармен, мектеп оқушыларымен кездесіп, тарғақ туралы айтамыз. Мұғалімдерге танымдық ақпараттар, материалдар береміз. Өйткені бұл құстар ауылға маңында, мал жайылымдарында, егіс даласында ұялайды. Яғни, адамдар бұл құсты танып, зиян келтірмеу керегін білуі керек.

Қазақстанда қызметкерлер сәуірден қыркүйекке ұяларды сақтаумен қатар, құстардың миграциясын бақылау үшін арнайы құрылғылар орнатумен, санақ жүргізумен айналысады. Ал GPS трекерлер өте қымбат тұрады. Сондықтан қауымдастық түрлі корпорациялармен серіктестік орнатқан.

Дәрмен Аронов, «Теңізшевройл» ЖШС ҮЖБ бөлімінің бас менеджері:

«Теңізшевройл» компаниясы әлеуметтіке жауапкершілігі мол әрі халықаралық стандартқа сай жұмыс істейтін компания ретінде Қазақстанның табиғатына ерекше мән береді. Көптеген жылдар бойы ТШО тарғақ құсын сақтауға арналған жобаға демеушілік көрсетуде. Осылайша біз қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қосып отырмыз.

Компания өкілі экологиялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Бұған дейін де компания Атырау облысында бірнеше жылдан бері бекіре балығын сақтауға өз үлесін қосып, 2022 жылы 50 мың шабақты өсіруге демеушілік жасады. Бір қызығы Теңіз кен орнында құстар ұялаған жағдайда, сол жердегі барлық жұмыстар тоқтатылып, балапандардың қанаттары қатайғанға дейін аумағын қоршап қояды екен.

Жалпы Теңізшевройл 2000 жылдан бері табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға 3 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

Серік Селеубайұлы


Хабарламаларға жазылу