Маңғыстауда жасөспірім суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жасөспірім суға батып кетті

02.06.2023

Маңғыстауда жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы оқиға Ақшұқыр ауылы маңында болған. 16 жасар жеткіншек жағаға шыға алмай қалған. Марқұмның денесін теңізден туыстары алып шықты. Бұл жыл басынан бері тіркелген бірінші оқиға. Былтыр өңірде 11 адам суға кеткен. Оның біреуі бала. Ақмола облысында да 16 жасар жасөспірім көз жұмды. Қатарластарымен бірге Есіл өзеніне суға түскен. Шомылып жүрген 4 бала лезде ғайып болған соң, төңіректегілер көмекке жүгірген. Куәгерлер үш жеткіншекті судан алып шыққанымен, біреуін құтқара алмады

Асхат Әкілжанов, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:

Жасөспірімдер тыйым салынған жерде шомылған. Салдарынан суға кіріп, бір-екі метр жүзгеннен кейін бата бастаған. Өзеннің ағысы қатты. Сондықтан олар өз беттерінше жағаға шыға алмай қалған. Жалпы өткен жылы Ақмола облысында 9 адам суға кетті. Оны төртеу кәмелет жасқа толмаған балалар.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу