Ішкі істер министрлігіне Астана қаласының проблемалар картасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігіне Астана қаласының проблемалар картасы таныстырылды

02.06.2023

Ішкі істер министрлігі Астана қаласының проблемалар картасын әзірледі. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын министр Марат Ахметжанов пен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қала активіне таныстырды. Карта 7 негізгі топтан және халық үшін өзекті 38 мәселеден тұрады. Оның ішінде мас күйінде жасалған қылмыстар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, ұрлықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі секілді қылмыстар бар. Мұның бәрін тұрғындардың ұсынысы негізінде министрліктің ситуациялық-талдау орталығы әзірлеген. Ведомство басшысы бес жылдыққа арналған жоспарда қылмыстың алдын алумен қатар, оның себебімен емес, салдарымен күресу жағы қарастырылғанын айтады.

 Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

Қандай проблемалар, оның қайнар көздері неден? Неге бұл қылмыстар қайта-қайта қайталанып жатыр? Ол тек полицияның құзыретінде емес. Жергілікті атқарушы билік органдары бар, басқа өкілетті органдар бар, қоғам бар, үкіметтік емес ұйымдар бар. Солармен бірлесіп осы қылмыстық, құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында жасалып жатқан карта. Бұл диагностикалық карта сияқты ғой. «Ауру неден?», «Оны қалай емдейміз?», соның жолдарын шешеміз. 

Министр «мұндай проблемалық-бағдарланған тәсіл-абстрактілі емес, нақты қиындықты анықтауға, жүйелеуге және жоюға мүмкіндік береді» дейді. Негізгі міндеттерді нақтылайды және жұмыстың нәтижелілігін арттырады. Ең бастысы - қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын барлық өңірлерде іске асыру үшін қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік зор.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу