Ақтауда заң бұзған мектеп бітірушілер жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда заң бұзған мектеп бітірушілер жазаланды

02.06.2023

Ақтауда мектеп бітірушілер мерекелерін «дүркіретіп» тойлағандар жазаланды. Олар жүріп бара жатқан көлік терезелерінен шығып, ленталар желбіреткен. Мемлекеттік нөмірлерін алып тастаған Toyota RAV4 және Hyundai Tucson және тағы бірнеше көлік жол қозғалысы ережелерін де бұзып, полиция қызметкерлерінің назарына ілігеді. Жүргізушілер де жолаушылар да ереже бұзғаны үшін жазаланып, айыппұл арқалады.  

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу