Ерлан Қошанов оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қошанов оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады

01.06.2023

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады. Ақмола облысы, Қабанбай ауылына барған ол биыл салынатын 400 мектептің бірі осы ауылда бой көтеретінін атап өтті. Жаңа мектеп 1-2 жылда пайдалануға берілуі тиіс. Мәжіліс төрағасымен бірге оқушыларды құттықтауға депутат Айна Мысырәлімова мен осы мектептің түлегі Динара Наумова да келді. Ерлан Қошанов облыстағы ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен де кездесіп, шаруа қожалықтарын аралады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

Бүгінгі күнде сіздерге мемлекет тарапынан барлық қамқорлық жасалып жатыр. Барлық мүмкіндіктер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан бойынша 400 жайлы мектеп салынбақшы. Сондай ұлттық жоба қазір қолға алынды. 


Хабарламаларға жазылу