Биыл - Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтың туғанына 85 жыл. Рәміздер күнінің қарсаңында Еуразия ұлттық университетінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Көрнекті сәулетші, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековке де құрмет көрсетілді.
Жандарбек Мәлібеков, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы:
Гербтің ішінде көптеген жасанды нәрсе емес. Біздің мәдениетімізден туындаған, дәстүрден туындаған элементтеріміз. Мысалы, ішінде қошқар мүйіз тұр. Ол бекер тұрған жоқ, шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын дегенде, босағаның мағынасын күшейту үшін сол арқар мен қошқармүйізді әкеп қойдық. Екіншіден, бұл көз тимесін деген мағынаны білдіреді.
Серік Селеубай