Бүгін балаларды қорғау күнімен қатар, еліміздің барлық мектебінде бірінші рет «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтіп жатыр. Биыл республика бойынша 3 миллион 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады. Оның 172 мыңы - жас түлек. «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 6 мың 800. Ал 9-сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамдады. Айта кетейік, биыл білім беру тарихында алғаш рет оқу кезеңі 31 мамырда аяқталып отыр.
Асылбек Данияр