Алматыда балалар мерекесіне орай, Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы ашылды. Қосымша білім беру мекемесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралап көріп, балаларды мейрамдарымен құттықтады. Орталықта оқушыларды ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық шығармашылыққа баулымақ. Олардың экологиялық-ботаникалық дүниетанымын кеңейтетін, болашақ мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беретін түрлі клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді. Президент балалардың дарынын, қабілетін дамыту үшін осындай орталықтар өте қажет екенін атап өтті.