Абай облысындағы Аягөз өзенінің су деңгейі соңғы 4 жылда 4 есеге дейін төмендеп кеткен. Ал бұл ауданда эколог маманы атымен жоқ. Экологиялық ахуалға алаңдаушылық білдірген депутат Ринат Зайытов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады. Оның сөзінше, бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы алтын өндіретін фабрика Күршім өзенін ластап жатыр. Ал мұнда Қызыл кітапқа енген балықтың түрлері бар. Сондай-ақ жергілікті жұрт осы өзеннің суын тұтынады. Депутат өзен-көлдердің жағдайын бақылайтын арнайы комиссия құруды ұсынды.
Ринат Зайытов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі:
Жергілікті халықтың қарсылығын неге естімейміз?Аягөз және Маралды өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі мен ластануының себептерін анықтайтын комиссия құруды, Аталған Комиссияның жұмысына барынша көмек көрсетуді қарастыруыңызды сұраймын.
Айя Мүтәлі