Үлкен дулыға турнирінде үш қазақстандық теннисші жарыс жолына шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлкен дулыға турнирінде үш қазақстандық теннисші жарыс жолына шығады

30.05.2023

Францияда өтіп жатқан үлкен дулыға турнирінде бүгін үш қазақстандық теннисші жарыс жолына шығады. Матчты Александр Бублик бастады. Қарсыласы италиялық Джулио Дзьеппиери. Бірінші сетте Бубликің жолы болмады. 0:6 есебімен жеңілді. Ал екінші кезеңде кеткен есені қайтарды. Жерлесіміз үшінші сетте де басым болды. Алайда төртінші сетте италиялық есепті теңестірді. Қазір бесінші кезең өтіп жатыр. Ролан Гаррос онымен бірге, бүгін Тимофей Скатов болгариялық теннисші Григор Димитровке қарсы ойнайды. Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы кездесуін чехиялық теннисшімен өткізіп жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу