Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды

30.05.2023

Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды. Қазір 1 доллар 20 лирадан сатылып жатыр. Валюта бағамы президенттік сайлау өткеннен кейін әлсіреді. Экономистер лираның құнсыздануын Орталық банктің ақша-несие саясатымен байланыстырады. Қазір елде инфляция жоғары болғанымен, пайыздық мөлшерлеме төмен күйінде қалып отыр. Президент Режеп Тайып Ердоған ставкаларды көтермей, инфляцияны төмендетуге болады деп есептейді. Ал «Bloomberg» агенттігінің хабарлауынша, Түркияның ақша-несие саясаты өзгермесе, жыл соңына қарай лира бағамы 29 пайызға дейін арзандауы мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу