Елде 30 мыңнан астам адам АИТВ жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 30 мыңнан астам адам АИТВ жұқтырған

30.05.2023

Соңғы 10 жылда елде АИТВ инфекциясымен сырқаттану дерегі 2 есеге көбейген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Айтуынша, қазір республика бойынша, иммун тапшылығы вирусымен 30 мыңнан астам адам дәрігер есебінде тұр. Науқастардың жартысынан көбі ерекектер, - дейді еліміздің Бас дәрігері. Сондай-ақ 6 өңірде жұқтырылған иммун-тапшылығының синдромынан өлім-жітім республикалық деңгейден жоғары екенін жеткізді.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Былтыр 3 877 жаңа жағдай тіркелді. Бұл ретте ер адамдар арасында әйелдерге қарағанда 2 есе көп анықталды. 82%-ы 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халыққа тиесілі. Жыныстық жолмен берілу басым. Ол 75%-ды құрайды. Содан кейін инъекциялық жолмен беріледі. Оның көлемі - 20%.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу