Елдегі 55 электр станциясының жағдайы зерттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі 55 электр станциясының жағдайы зерттелді

30.05.2023

Риддер мен Екібастұз қалаларындағы жылу электр станцияларын жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаржы тұрғындардан өндірілмейді. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов осылай деді. Риддердегі қазандықты қалпына келтіру толықтай мемлекет бюджетінен жүргізіледі. Ал Екібастұздағы станцияны жөндеуге кеткен шығынды мемлекет пен жекеменшік иесі тең бөліп алатын болды. Жалпы ел бойынша, 55 электр станциясының жағдайы зерттелген. Қазір әрқайсысының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шешім қабылданып жатыр. Бұларды жөндеуге жұмсалған ақша тарифке әсер етпейді деді.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Болашақта кейін көре жатар. Басқа мәселелер бар. Айлық мәселесін көтеру. Ішінде істеп жатқан жұмыскерлердің айлығы немесе басқа шығындарды Ұлттық экономика министрлігі бекітетін болса жылу өсуі мүмкін. Бірақ мынау жөндеу жұмыстарының тарифке ешқандай әсері жоқ.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу