Digital саласында білім алып, IT маманы болғысы келетін жастарға 120 грант бөлінді. Бұл туралы Елордада өткен ITeachMe қоры ұйымдастырған жиында айтылды. Аталған жоба аясында оқуға қабылданатын 17 мен 38 жас аралығындағы азаматтар зманауи диджитл саласы бойынша «СММ+копирайтинг», «графикалық дизайн», «мобилография+tiktok» сынды 5 бағытта 3 ай тегін білім алады. 4 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан жобаға бүгінде 500-ден астам адам өтініш беріп үлгерген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - мүгедектігі бар, ерекше күтімді қажет ететін жастарды IT саласындағы мамандықтарға үйретіп, жұмыспен қамту.
Захира Беғалиева, жоба жетекшісі:
Ең бірінші өздері өтініш тастауы керек. Екінші кезең ол - базалық компьюьерлік білімі бойынша техникалық тест болады. Ал үшіншісі - интервью өткіземіз. Сол 3 кезеңнен өткен адамды біз қабылдаймыз. 4 жылда қазір біздің 400-ден астам түлегеміз бар. Олардың 90 пайызы жұмыс істеп жатыр.
Ақмаржан Ғафизқызы