Қазақ боксшылары IBA рейтингінде көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ боксшылары IBA рейтингінде көш бастап тұр

29.05.2023

Халықаралық бокс қауымдастығы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Ташкенттегі әлем чемпионатынан кейін тізімде Қазақстан құрамасы 81 000 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында 60 800 ұпаймен Өзбекстан құрамасы. Үштікті Ресей құрамасы 58 050 ұпаймен түйіндеп тұр. Осыған дейін IBA құрамынан шыққан АҚШ құрамасы 10-шы орынға бір-ақ түсті.

Айта кетейік, IBA бұл ұпайларды ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстарда көрсеткен нәтижесіне байланысты береді. Қазақстан 2022 жылдан бастап, рейтингте бірінші боп тұр.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу