Таэквондо: Әлем чемпионаты сәтсіз басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таэквондо: Әлем чемпионаты сәтсіз басталды

29.05.2023

Әзербайжанда өтіп жатқан таеквондодан әлем Чемпионатының бірінші күнінде жерлестеріміз жүлдесіз қалды. Әйелдер арасында 57 келіде Мария Севостьянова алғашқы айналымда чехиялық спортшыдан басым түсті. Ал екінші кезеңде бразилиялық қарсыласынан жеңіліп қалды. Ерлерден 68 келіге дейінгі салмақта Эльдар Бірімбай жарысты 1/32 финалдан бастады. Габондық қарсылысын жеңген ол, кейінгі айналымда испаниялық таеквондошыдан айласын асыра алмады. Бүгін басталған әлем біріншілігі 4- маусымға дейін жалғасады. Турнирде 145 елдің 986 спортшысы бақ сынайды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу